Қоғамда қазір Милан Олимпиадасының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михайл Шайдоровтың жеңісіне мемлекет қаншалықты үлес қосқаны жайлы әңгіме көп талқылана бастады. Туризм және спорт министрлігі осы тұста ресми түрде Шайдоровты даярлауға қанша ақша кеткенін жария етті.
Министрліктің мәліметінше, Олимпиадалық циклді оның мысалында талдай отырып, жоғары дәрежелі спортшыны қолдаудың барлық тетігі толық көлемде жұмыс істеген.
«Мәселен, 2025 жылы спортшы мен оның командасының дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған жалпы қаржы көлемі 263 394 581 теңгені құрады. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынына (8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді. 2025 жылы...