Haval H9 моделі 2014 жылдан бері нарықта. 2024 жылы шыққан екінші буын айтарлықтай жаңартылған еді.
Ал 2026 жылы кроссовер технологиялық тұрғыда жетілдірілді. Бұл туралы Қытай көліктерінің ресми сайты хабарлады.
Негізгі жаңалықтарға тоқталсақ, мультимедиа және практикалық дизайн шешімдері жаңартылған. Ең бастысы, H9 рамалық құрылымын және толыққанды жол талғамайтын архитектурасын сақтап қалды.
Тек бензин және классикалық автомат
Енді H9 тек 2,0 литрлік турбо-бензин қозғалтқышымен (218 а.к., 380 Нм) ұсынылмақ. Дизель нұсқасы алынып тасталды. Өндіруші Great Wall Motor мұны дизельге сұраныстың азаюымен және шығындардың өсуімен түсіндіреді.
Қозғалтқыш 8 сатылы гидромеханикалық автоматпен жұптасады. 0–100 км/сағ — 11,9 секунд. Орташа шығын...