Танымал ресейлік жас әнші Клава Кока Қазақстанға келіп бейнебаян түсіріп жатыр. Ол бұл туралы Instagram желісінде жеткізді.
Клава Кока оған қоса «Бізді Қазақстан қалай қарсы алды» деп влог түсірген.
Ұзақ жолдан шаршап келгендеріне қарамастан, олар бірден түсірілімге кірісіп кеткен. Алдымен жол талғамайтын биік көліктерге отырып, жолсыз жермен жорытқан. Айналаның көрісіне тамсанған Клава аққуларды көріп тіпті таң-тамаша болды.
Арасында рациямен «Байланыста», «Қайдасыңдар» деп айтып, қазақша жаңа сөздер үйреніп алғанын айтты әнші.
Түсірілім Маңғыстау жерінде өтті. Референстегі ағаштың өзін дәл ұқсатып тапқан ұйымдастырушыларға Клава қатты риза болғанға ұқсайды.
Түсірілім кезінде қатты жел тұрып, әнші қатты тоңып қалғанын да айтты. Қайтар жолда команданы...