Қазақстандық «Ауру» фильмі премьерадан кейін, цензураға ұшырап, 21+ деңгейі қойылып, кинотеатрда тек 22:00-ден кейін көрсетілетін болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Режиссер Айтөре Жолдасқали түсірген «Ауру» фильмі 13 қараша күні прокатқа шыққан. Картинада ерлі-зайыптылардың «онкологиядан зардап шеккен» әйелге деп жалған ақпарат таратып, ақша жинауы туралы баяндалады. Басты рөлдерді Ділназ Құрманғали мен Аян Өтепберген сомдаған.
Айтөре Жолдасқали фильмнің цензураға ұшырағанын хабарлады. Бұған қоса, фильмдегі соңғы эпизод қысқартылған.
«Мен үшін ең өкініштісі, фильмнің контекстіндегі маңызды көріністі кесіп тастады. Яғни соңғы эпизодты қысқартты. Ол фильмнің қорытындысын сәл өзгертеді», – деді ол өзінің Telegram арнасында.
Сонымен қатар фильмнің жас...