Қазақстанның Жоғарғы соты шешен белсендісі Мансур Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты. Бұл процесс оған босқын мәртебесін беру мәселесі шешілгенге дейін тоқтатылады.
Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы 30 қаңтарда Ресейдің шешен оппозиционері Мансұр Мовлаевты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған.
Мансұр Мовлаев деген кім
29 жастағы Мовлаев – Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров сынайтын оопозициялық белсенді. 2020 жылы ол есірткі таратқаны үшін үш жылға сотталған, алайда бұл істің жала болғанын айтқан.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін оны Шешенстанда ұрлап, құпия түрмеде ұстаған. Ол Қырғызстанға қашып, онда 2023 жылдың қарашасында алты ай түрмеде отырды, содан кейін қуылды.
Мовлаев Қазақстанға өз бетінше келд...