Бұған дейін депутаттар ірі шаруа қожалықтардан гөрі ауылда бес-алты малы бар азаматтарға мемлекет көбірек көмектесуі керек деп пікір айтқан еді. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров не ойлайды? Сұрақты Kursiv.Media тілшісі министрдің өзіне қойып көрді.
«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек»
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Айдарбек Сапаров көмек бәріне бірдей берілетінін айтты. Ол ауыл шаруашылығы министрлігінің ережесін дұрыстап оқуға шақырды.
«Жеке қосалқы шаруашылықты міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеу керек. Соған көшсе, ешқандай проблема жоқ. Азаматтар жеңілдетілген несиені де, субсидияны да ала алады. Бұрын 2900 болған кооперативтер саны қазір 3900-ға жетті. Бүгінгі сан...