Петропавл қаласында жолдағы шұңқырға түсіп апатқа ұшыраған әйел қала әкімдігін сотқа беріп жеңіп шықты.
Петропавл қалалық №2 сот қараған іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айында Қизатов көшесінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде әйел адамның автокөлігі аударылған. Бұған көлік дөңгелегінің мұзға түсуі себеп болған. Апат салдарынан көлікке елеулі механикалық зақым келген.
Сот барысында аталған жол учаскесіндегі ойықтың тереңдігі 8 сантиметрге дейін жеткені анықталды. Сонымен қатар жолдың түзу болуын бақылауға тиіс қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі сотқа қажетті деректерді ұсына алмаған.
«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, оқиға болған күні қалада қар жауып, ауа температурасы нөлден төмен болған. Бұл көктайғақтың пайда болуына әкелген. Айта...