Almaty Management University (AlmaU) әлемнің мыңнан астам оқу орнынан озып шықты. Алматы қаласындағы университет бизнес білім беру саласында халықаралық беделі мен жаһандық ықпалын бағалайтын Eduniversal рейтингі бойынша ең жоғары – 5 Palmes of Excellence санатына ие болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Рейтинг нәтижелері Үндістандағы Indian Institute of Management Indore базасында өткен Eduniversal-дың 18-ші Дүниежүзілік конвенциясында жарияланды. Шешімді әлемнің жетекші бизнес-мектептерін жыл сайын айқындайтын Eduniversal халықаралық сарапшылар қауымдастығы қабылдады.
Конвенция аясында AlmaU президенті Асылбек Қожахметов «Building Strategies for Internationalization» атты панельдік пікірталасқа қатысып, жоғары білімді интернационалдандыру, орнықты даму және жаһандану жағдайындағы университеттердің рөлі туралы ой...