Елде 11 мыңнан аса ата-ана арнайы есепке алынған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов айтты.
«Ішкі істер органдарының есебінде өз міндетін орындамайтын 11 мыңнан астам ата-ана тұр. Былтырмен салыстырғанда статистикалық деректерде өзгеріс жоқ», – дейді Әсет Оспанов.
Ата-ананы арнайы есепке алу барысында бірнеше факторға мән беріледі:
баланың ата-анасының ішімдікке салынғаны; балаларды тәрбиелеуге қатысты міндетін орындамауы; балалар тұрып жатқан жерде олардың оқып, дамуға жағдай жасалмауы.Айта кетейік, Атырау облысында 5 ақпанда 10-сынып оқушысы құрдастарымен қақтығыстан кейін оларға балтамен шабуыл жасаған.