АҚШ-та танымал актер Роберт Дюваль 95 жасында өмірден өтті. Бұл туралы актердің жұбайы Лусиана Педраса таратқан мәлімдемеде айтылған.
BBC ақпаратына қарағанда, актер жексенбі күні Вирджиния штатындағы үйінде көз жұмған.
Роберт Дюваль әлем көрерменіне ең алдымен Өкіл әке және Бүгін апокалипсис фильмдеріндегі рөлдері арқылы кеңінен танылды. Ол 1984 жылы Нәзік мейірім картинасындағы басты рөлі үшін Academy Awards сыйлығының ең жоғары марапатын иеленді.
Актер бұдан бөлек «Оскар» жүлдесіне бірнеше рет ұсынылған. Соңғы рет ол 2014 жылы Судья фильміндегі рөлі үшін номинацияға ие болған.
Ал режиссер Фрэнсис Форд Коппола түсірген «Бүгін апокалипсис» фильмінде Дюваль сомдаған полковник Килгор бейнесі кино тарихындағы ең есте...