Үкімет сәбіз экспортына тыйым салу ниетінен бас тартты. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің депутаттық сауалға жауабында айтылған.
Қаңтардың ортасында Темір Қырықбаев бастаған бір топ депутат үкіметке сауал жолдап, сәбіз экспортын шектемеуді сұрады. Он депутаттың сұрағына премьер-министрдің орынбасары жауап берді.
«Ішкі нарықтың жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуіне байланысты сәбіз
экспортына шектеулер енгізбеу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта
өндірушілер өнімді сыртқы нарықтарға кедергісіз өткізу мүмкіндігіне ие», – деп жазды Жұманғарин.
Оның айтуынша, 2025 жылы елде 3,8 млн тонна көкөніс, соның ішінде 411,9 мың тонна сәбіз жиналды. Билік өнімді ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге, оның бір бөлігін экспортқа...