Күндіз Қазақстанның басым бөлігінде температура жылы, дегенмен солтүстік өңірлерде қар мен көктайғақ болады. «Қазгидромет» 17 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. Алматыда көшпелі бұлт, жаңбыр, жел 2-7 м/с., түнде температура +2…+ 4°C, күндіз + 9…+11°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с., түнде ауа температурасы +7…+9°C, күндіз + 15…+17°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с., түнде ауа температурасы +6…+8°C, күндіз + 11…+13°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, жел 15-18 м/с., түнде ауа температурасы -1…-3°C, күндіз +1…+3°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде...Жаңалықтар
Мәскеуде «Крокус Сити холл» концерт залындағы террорлық акт бойынша сот процесі жүріп жатыр. Оқиға 2024 жылдың 22 наурызында болған. Мәскеудің Батыс аудандық әскери сотта тараптардың іс бойынша жарыссөзі жабық режимде өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
Сотталушылар қатарында 19 адам бар, олардың 13-і тікелей терроризм үшін айыпталуда. Қалғандарына террористік әрекетке жәрдемдескені үшін айып тағылды.
«Ағайынды Исламовтар мен олардың әкесі және Әлішер Қасымовтан басқаның барлығына өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралды», – деді агенттіктің сұхбатшысы.
Мәскеу маңындағы «Крокус Сити холлда» 2024 жылдың 22 наурызында аса ірі теракт болды. Қарулы адамдар «Пикник» тобының концертіне келген көрермендерге...
Актер Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазы Сағырбайұлының мазарына зиярат етіп, құрбандық шалу үшін Ресейдің Астрахан облысына барды. Сапары туралы әншінің өзі Instagram парақшасында айтып берді.
«Мен арнайы осы Алматыдан ат терлетіп, Астрахан облысы Володар ауданы Алтынжар елдімекеніне келіп отырмын. Мен артымда Құрманғазы бабамыздың кесенесі. Атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін бүкіл Қазақ елінен, Құрманғазы бабамыздың ұрпақтарынан кешірім сұраймын», – деді актер.
Ол күйшінің басына арып...
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында екпінді желдің салдарынан сауда орталығының шатыры қирады. Оқиға орнында өңірдің арнайы қызметтері жұмыс істеуде, деп хабарлайды Lada.kz.
Өңірлік ТЖ департаментінің мәліметінше, екпінді желдің салдарынан Басқұдық ауылында екі қабатты «Бақжан» сауда орталығында шатыр ұшып кеткен.
Желдің жылдамдығы секундына 8-14 метрді құрады, ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Зақымдалған шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 612 шаршы метр.
«Оқиға тұраққа қойылған екі көлік және бір сыртқы жарықтандыру бағанасы зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Объектілер штаттық режимде жұмыс істейді», – деп түсіндірді ведомствода.
Оқиға орнына ТЖД күштер...
Ақмолада тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда өте мұқият болуды сұрады.
Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста көктайғақ байқалады. Бұл жол жағдайын едәуір қиындатады және жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Көкшетау-Астана автожолында апаттардың алдын алу үшін жылдамдық режимін 80 км/сағ дейін шектеу енгізілді.
«Ауа-райының өзгеруіне, атап айтқанда қар жауғанына және көктайғақтың пайда болуына байланысты облыс аумағында жеңіл және жүк көлігі үшін жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады. Шұғыл қажеттіліксіз сапарлардан бас тартуды, қашықтықты және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз», — деді аймақ тұрғындарына патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Дарбаев.
Полицейлер автокөлік жүргізушілеріне...
Еңбек министрлігі Қазақстанда 2030 жылға дейін ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемінің қалай өсетінін болжады. Ең төменгі зейнетақы 24%-ға өсіп, 85,9 мың теңгені құрауы тиіс.
2026-2030 жылдарға арналған әлеуметтік саланың негізгі көрсеткіштері туралы құжатта министрлік қазақстандықтардың зейнетақысы қалай өсетінін болжады. Егер 2026 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 69 мың теңгені құраса, 2027 жылы ол 73,5 мың теңгеге, 2028 жылы – 77,9 мың теңгеге, 2029 жылы – 81,9 мың теңгеге жетіп, 2030 жылға қарай 85,9 мың теңгеге жетуі тиіс.
Ең төменгі зейнетақы – 1998 жылға дейін қажетті еңбек өтілі бар азаматтар үшін мемлекет кепілдік берген жиынтық зейнетақы төлемінің ең төменг...
Аптада Алматыда электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары өтеді. Мамандар ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді, ақауларды жояды және жабдықты күрделі жаңартумен айналысады. Көп жағдайда электр қуатын беру 08:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі, бірақ кейбір аймақтарда жұмыс бір сағаттан кейін басталады.
РЭҚ-1 және РЭҚ-2 (орталық аудандар)
16 ақпан: Түркебаев көшесі, Шәкәрім мен Құлымбетов көшелері арасында; 18 ақпан: Райымбек даңғылы бойындағы тұрғын үйлер, кеңселер мен кафелер, сондай-ақ Мажоров және Самарқан көшелеріндегі және Гоголь-Шәріпов (Оңтүстік-Батыс) Түркебаев-Есенжанов (Оңтүстік-Шығыс)қиылысындағы үйлер; 19 ақпан: Қарасай батыр-Мәуленов және Шәкәрім-Тілендиев көшелерінің қиылысындағы үйлер (оңтүстік-шығыс); 20 ақпан: Райымбек даңғылы бойынша (8:00-ден 17:00-ге дейін), сондай-ақ Шевченко, Розыбакиев, Жамбыл, Қара су көшелерінде және Панфилов-Жамбыл...Семей мен Өскеменде жылу электр орталықтарын (ЖЭО) 2029 жылдың соңына дейін салу жоспарлануда, деп хабарлады энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов. Көкшетауда ЖЭО құрылысы 2029 жылдың ортасында аяқталады деп күтілуде. Бұған дейін Көкшетау мен Семей қалаларында ЖЭО-ны 2027 жылы іске қосылуға тиіс болған.
«Самұрық-Энерго» осы жобаның тапсырыс берушісі. Ол бұл жұмысты сәуір айында жүргізеді, барлық үш алаңда алғашқы дайындық жұмыстары, геодезия және басқа да жұмыстар басталуы керек. Көкшетау бойынша бұл жұмыстар өткен жылы басталған болатын. Аяқтау мерзімі Көкшетау ЖЭО бойынша – 2029 жылдың ортасы, Семей және Өскемен ЖЭО бойынша – 2029 жылдың соңы», – деді ол журналистерге.
16 ақпанда кешкі сағат 17:00 шамасында Алматы қаласы ауа сапасының индексі (AQI⁺) 200-ге (өте зиянды) жетті. Қазір әлемде оңтүстік астанадан лас қала жоқ. Мәліметті IQAir жариялады.
Негізгі ластаушы: PM2.5 – 124.9 µg/m³. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген межеден, яғни қалыпты жағдайдан 25 есе жоғары.
Дәл қазір бүкіл әлемде Алматыдан лас қала жоқ. Ауа сапасы нашар 15 қаланың ішінде Ташкент те бар. Өзбекстан астанасының AQI⁺ индексі – 134.
Оңтүстік астананың әсіресе Райымбек батыр даңғылынан төменгі аудандарда индекс 238-ге дейін жетті, яғни «өте зияндыдан» «қауіпті» деңгейіне жетеқабыл болып тұр. Ал Қаскелеңде ауа сапасы 254 деп бағаланды.
Мегаполистің тауға...
Маңғыстау облысының экология департаменті аққулардың өлексесі табылғаннан кейін жүргізілген талдаудың нәтижесін жариялады.
Бұған дейін Сайын Шапағатов ауылы маңында теңіз жағасынан 10 ақпанда тоғыз аққудың өлексесі табылды. Оған дейін 11 аққудың сүйегі жиналған.
Артынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері экология департаментіне және Ақтау қаласы әкімдігіне хат жолдап, аққу өлексесінен, судан сынама алуды сұраған.
«Суға зертханалық талдау жүргізілді. Талдама қорытындысы бойынша су сынамасында ластаушы заттар анықталмады», – деп хабарлады департамент.
Айта кетейік, мониторинг жұмыстары «Қарақия-Қаракөл» қорығының Қаракөл көлінде жүргізіліп жатыр. Бұл көл аумағында шамамен 3-4 мың аққу қыстайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын құттықтады.
Ақорданың хабарлауынша, елге жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хатын алды.
«Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Барлық команда бес күн бойы өте күрделі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген тосқауылды еңсеруі қажет болды. Біздің жауынгерлер барын салды, әскери міндеттерді мінсіз орындап, ақыры ең жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті», – деді Тоқаев.
Президент «Томирис...
Қанат Ысқақов ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.
Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау...
Алматыда жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу басталды. Бұл Наурызбай ауданынының тұрғындарына қатысты болмақ. 2026 жылғы 12 ақпандағы аудан әкімінің шешіміне сәйкес, Қалқаман шағын ауданында орналасқан жер учаскелері мәжбүрлі түрде алынады.
Жалпы алынып жатқан жер көлемі 1,4 гектардан асады. Бұл аумақ қалада емдеу-сауықтыру орталығын салу үшін қажет. Жерді сатып алу мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асады.
Жер иелері не алады
Жер иелеріне өтемақы төленеді. Жер учаскелері мен басқа жылжымайтын мүліктің құны нарықтық бағалау арқылы анықталады.
Алматыда мемлекеттік қажеттіліктер үшін жерді сатып алу «Қала жер орталығы» басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша жер иелер...
Қазақстандық қос атлет Олимпиада жүлдесіне таласады. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша дүйсенбі күні іріктеу сынынан сүрінбей өтті.
16 ақпанда шорт-тректен 500 метр қашықтықта ширек финалда сайысқа түсетін спортшылар анықталды. Іріктеу сынынан сүрінбей өткендер арасында Әжіғалиев пен Никиша да бар. Абзал өз жарысында бірінші келіп, келесі кезеңге қиналмай өтті. Ал Денис үшінші орын алған спортшылар арасында үздік төрттіктен көрініп, ширек финалға әзер шықты.
Шорт-тректен 500 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыстар 18 ақпанда түнде өтеді.
Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында жалқы алтын бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды.
Тараз сотында UFC дүлдүлі Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты іс қаралып жатыр.
Inform.kz хабарлауынша, жол апатына түскен күні Гүлайым Рахмонованың жанында ұлы, әпкесі және құрбысы болған. Салдарынан әпкесі мен құрбысы қайтыс болды.
Айыптау актісіне сәйкес, Рахмонова түні бойы көлік айдаған, қатты шаршағанына қарамастан, рөлді басқа адамға бермеген. Жолда көлікті басқара алмай қалған. Артынша автокөлік сол жақтағы қоршауға соғылған және қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, кейін аударылған.
Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Рахмоноваға қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігінде (бапта көлiк басқаратын адамның жол жүрісі абайсызда екі не одан көп адамның өліміне әкелген жағдай) көрсетілген айып...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, екі ел басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.
«Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті», -делінген хабарламада.
Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мұның алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр...
2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енді. Осыған қатысты өзгерістер тікелей автокөлік иелерінің қалтасына әсер етеді. Елде толық көлемде «қымбат көліктерге салық» іске қосылды, ал ескі көліктерге жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Kursiv.Media Inbusiness деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Кімдер көбірек төлейді
Енді құны 18 000 АЕК-тен (шамамен 77,85 млн теңге) асатын көліктерге 10% акциз салынады. Бұл норма импорт кезінде, алғашқы тіркеуде немесе ел ішіндегі қайта сату кезінде қолданылады.
Нарықтың әсері, әсіресе, Toyota Land Cruiser 300, Lexus LX, сондай-ақ Mercedes-Benz S-Class және Mercedes-Benz G-Class жоғары комплектациялы модельдерге тиеді. Автосарапшы Роман Масленниковтың айтуынша, көліктердің бағасы ресми дилерлерде...
Қазақстанда несие тарихы жоқ азаматтар енді 100 АЕК-тен асатын сомада онлайн микрокредит ала алмайды. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге деп бекітілгенін ескерсек, 100 АЕК 432 500 теңгені құрайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындаған жаңа қаулы жобасына сәйкес, мұндай жағдайда клиент міндетті түрде бөлімшеге баруы немесе қатаң биометриялық тексерістен өтуі тиіс.
Бұл шара халықтың шамадан тыс қарызға батуын тежеу және алаяқтық әрекеттердің жолын кесуге бағытталған.
Несие алмас бұрын оқылатын басты құжат
Бұдан былай микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) клиентпен шарт жасаспай тұрып, оған негізгі ақпараттық құжатты ұсынуға міндеттеледі.
Бұл құжатта несиенің пайызы...
5 сәуір күні Almaty Arena мұз айдыны халықаралық деңгейдегі ауқымды мәнерлеп сырғанау шоуының сахнасына айналады.
Кештің басты жұлдыздары қатарында ел мақтанышы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен танымал мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина бар.
Көрермендерді әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының өнері, сондай-ақ мұз үстіндегі акробаттардың әсерлі қойылымдары күтеді.
5 сәуір cағат 17:00 Мұздағы қойылымды өз көзіңізбен тамашалауға мүмкіндік бар. Билеттер Freedom SuperApp қолданбасында және Ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Еске сала кетейік, 14 ақпан күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қысқы олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Бұған дейін, Шайдоровқа алтын алқа сыйлаған миллионер туралы жазған едік.
Әйгілі боксшы Хабиб Нұрмұхамедов Ресейдегі кәсібінің бәрін сатып, Біріккен Араб Әмірліктеріне инвестиция салып жатыр. Енді ол сол елде жыл сайын 50 млн долларға жуық табыс тауып жүр. Бұл туралы Mash телеграм-арнасы хабарлайды.
Ресейлік арна мәліметінше, аралас жекпе-жектен бұрынғы әлем чемпионы 2025 жылы жеке кәсібін тоқтатып, қарыздарын жапқан. Басылым оның алдында боксшының федералдық салық қызметімен арада түрлі қиыншылыққа тап болғанына назар аударған.
Кейінгі бес жылда Хабиб «Росси» қоры мен өзінің атындағы «Хикмат Травел» турагенттігінен шыққан. Бұған қоса, ол «Сильди» киім брендінен бас тартып, «Первый мобильный» провайдерінің құрылтайшысы қызметінен де кеткен.
Нурмагомедов Eagles жекпе-жек клубын Зиявудин Магомедовке берген. Осы ұйымны...
Әуе билетін рәсімдеу кезінде аты-жөніндегі қате үшін айыппұл төлеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді жолаушылардың дербес деректерін түзету тегін болады. Бұл жөнінде Бас прокуратура мәлімдеді.
Мыңдаған жолаушы айыппұл төлеген
Прокуратура мәліметінше, азаматтардың шағымдарын талдау барысында билетте тегінде, есімінде немесе әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін айыппұл салу фактілері анықталған.
2025 жылы «Qazaq Air» АҚ (қазіргі атауы – Vietjet Qazaqstan) 3 815 жолаушының деректерін түзеткен. Олардың басым бөлігінде қате екі әріпке дейін болған.
Екі әріпке дейінгі қате тегін түзетіледі
Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізген.
«Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылды...
Рамазан айының маңызды құлшылықтарының бірі тарауық намазы. Соңғы жылдары оның рәкат санына қатысты түрлі пікір айтылып жүргенімен, ҚМДБ мәліметінше, тарауық намазы жамағатпен жиырма рәкат оқылады.
Тарауық намазы – Рамазан айында құптан намазынан кейін жамағат болып оқылатын намаз. Бұл – сауабы мол, мұсылмандар арасында кең тараған сүннет амалдардың бірі. Жамағат имамға ұйып немесе әр адам жеке өзі құптан намазынан кейін 20 рәкат тарауих намазын оқиды.
Тарауық намазында көбіне қарилар имамдық жасап, Рамазан айының 30 күні бойы Құран Кәрім толық хатым етіледі, яғни қасиетті кітап бастан-аяқ оқылып шығады. Көпшілік жағдайда оқылған Құран сауабы дүниеден өткен марқұмдарға бағышталады.
Сондай-ақ, әр ек...
Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы осындай мәлімдеме жасады.
2026 жылғы 17-27 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтеді.
Министрліктің ақпаратынша, конкурс 19 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 993 оқушы 756 жоба ұсынады. Оның ішінде командалық жобалар саны- 236. Ауыл мектептерінен қатысатын оқушылар саны -132.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қорытынды кезең 17-20 ақпан аралығында Қарағанды қаласында өтеді. Мұнда 370 оқушы 293 жобамен қатысады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша кезең Астана қаласында 24-27 ақпан аралығында өткізіліп, 623 оқушы 463 жобамен қатысады.
Республикалық байқауға еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары қазылы...
Алматы әуежайына 2,1 млн теңге айыппұл салынды. Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, әуежай басшылығы өрт қауіпсіздігі талаптарына қатысты ескертуді елемеген.
Төтенше жағдайлар департаменті әуежайға тексеру жүргізіп, өрт қауіпсіздігіне қатысты норма сақталмай отырғанын анықтаған. Оларды жою үшін 2026 жылдың 9 қаңтарына дейін уақыт берген.
Атап айтқанда контейнерлер жақын маңдағы ғимарат не құрылыстан 18 метр әрі тұруы керек. Бұл талап «Air Astana centre 3» ғимаратының батыс жағында сақталмаған.
Халықаралық Т-2 терминалында (багаж бөлімі, тұрмыстық үй-жай 1-8) өрт дабылы жүйесі мен бірден іске қосылатын өрт сөндіру қондырғысы орналасқан жер аумағы қолдан қысқартылған.
Сотта Алматы әуежайы өкілі анықталған олқылықты жою үшін жұмыс атқарылып...