Threads желісінде тағы дау шықты. Биыл оқу ордасын бітірген ҚазҰУ түлектері университет ұсынған дипломның сапасына риза емес.
Ол туралы пікірін түлектер әлеуметтік желіде жазған. Кейбірі дипломның қағазы тым жұқа, папкаға ұқсайды дейді. Ал өзгелері дипломның дизайны өзгергеніне, шрифті латынша жазылғанына наразы.
Білім ордасы бакалавр түлектеріне көк және қызыл түсті диплом, ал магистранттарға қою көк түсті диплом ұсынған. Студенттер ренішін желіге жаппай жазғаннан кейін университет бұған қатысты пікір білдіріп, ресми парақшасында арнайы видео жариялады.
«Әлемдік стандарттарға сай, А4 форматта, қалың, жыртылмайды. Көріп тұрғаныңыздай, ішінде ерекше QR-коды бар, ешкім сіздерден қайталай алмайды. Неге альбом форматында болмайды...