Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VII саммитінде жасанды интеллектіні халықаралық деңгейде реттеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сондай-ақ ол Азиядағы қауіпсіздікті нығайту үшін превентивті дипломатия тетігін іске қосуды ұсынды.
Мемлекет басшысы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтып, Кеңестің халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, АӨСШК-ге мүше елдер Азия құрлығының шамамен 90 пайызын қамтиды, ал ұйым аясында әлем халқының жартысынан астамы өмір сүреді.
Тоқаев қазіргі әлемдегі қақтығыстар халықаралық қауіпсіздік жүйесіне елеулі қауіп төндіріп отырғанын айтты. Оның пікірінше, Азия елдеріне ортақ мәлімдемелермен шектелмей, нақты іс-қимылға...