Пәкістанның Пешавар қаласында жекеменшік мектептің шатыры опырылып, кемінде 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты. Тағы 30-дан астам адам жарақат алған, деп жазады Kursiv.Media.
The Express Tribune басылымы хабарлағандай, Lady Reading Hospital ауруханасының өкілі Мұхаммед Асимнің мәліметінше, қаза тапқан балалар 13 жаста және одан кішілері де тіркелуі мүмкін. Жараланғандар арасында жағдайы тым ауыр балалар да бар.
Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиға орнына Пәкістан армиясының әскери қызметшілері де тартылған. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін.
Полиция мектеп иесінің ұсталғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимарат шатырының сапасыз салынуы апатқа себеп болуы мүмкін. Оқиғаны...