Маңғыстауда мас болып көлік айдаған тұрғын өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Құзырлы органдардың дерегінше, Н. есімді азамат осы жылы наурызда мас болып, көлік айдаған. Сол кезде ол сот шешімімен 15 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Бірақ тыйым салынғанына қарамастан тұрғын тағы да ішімдік ішіп, көлік жүргізгені анықталды.
«Осыдан кейін Маңғыстау аудандық сотының үкімімен азамат Н. Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, сондай-ақ өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушы сот залынан қамауға алынды...