Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде грек елінің «Панатинаикос» командасына қарсы өтетін матчқа билет сатылымын бастады. Билет құны 4 мыңнан 15 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Кездесу 22 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын сағат 19:30-да басталады. Алматылық клуб жариялаған ақпаратқа сәйкес, билет бағасы трибунаға байланысты белгіленген. Солтүстік және оңтүстік трибуналарға кіру құны – 4 мың теңге, шығыс трибунаға – 8 мың теңге, батыс трибунаға – 12 мың теңге. Ал D ложасындағы орындар 15 мың теңгеден сатылады.
Маусымдық абонемент иелеріне жеңілдік қарастырылған. Олар солтүстік және оңтүстік трибуналарға билетті 1500 теңгеге, шығыс трибунаға...