18 қазанда Бішкектегі жаңа «Бишкек Арена» стадионында әлемдік жұлдыз Шакираның концерті өтті деп жазады Kursiv Media.
Шоу әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік туры аясында ұйымдастырылды. Бұл – Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті. Оған 33 елден көрермен жиналды. Көбі Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген.
Концерт алдында тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті. VIP-қонақтарға бөлек кіреберіс пен автотұрақ ұйымдастырылды. Қалған көрермендер концерт алаңына шаттл автобустарымен жеткізіліп, сегіз бақылау бекетінен өткізілді.
Шакира құм арасынан шығып, жанкүйерлердің арасымен жүріп өтті
Концерт Бішкек уақытымен кешкі 19:00-де басталуы керек еді, бірақ шамамен 40 минуттай кешікті. Көрермендерін ұзақ күттірген Шакира экраннан құм арасынан пайда болған бейне арқылы көрінд...