Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов Қазақстанда тағы бір банк сатып алуды, жергілікті маркетплейс бойынша келісімге шығуды және Түркияда екінші деңгейлі банк табуды жоспарлап отыр. Осы мақсаттарды қаржыландыру үшін холдинг 500 млн АҚШ долларына дейін облигация шығару мүмкіндігін қарастыруда. Бұл жоспарлары туралы Турлов Bloomberg-ке берген сұхбатында айтты.
Турловтың сөзінше, Қазақстанда «теориялық тұрғыда» сатуға арналған бірнеше банк бар. Freedom Holding бұл банктерді баланстық құнынан сәл төмен бағада сатып алуға дайын. Мақсат – Freedom Bank-пен бірігіп, корпоративтік клиенттер базасына қол жеткізу. Сатып алынатын банк көлемі жағынан Freedom Bank-пен салыстырылатын болуы тиіс (активтері– 2,5 трлн теңге, капиталы – 500 млн...