Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте ғалымдардың ағартушылық миссиясына тоқталды.
Оның пікірінше, ғалымдар түрлі саланы терең біледі. Атқарылып жатқан жұмыстың мән-жайын жақсы түсінеді.
«Соны жастарға айтып жеткізу керек. Олардың бойында әлеуметтік оптимизм қалыптастыру өте маңызды. Заман күрделі болса да, біздің бағытымыз – дұрыс. Еліміз қиындықтың бәрін еңсеріп, үздіксіз дамып келеді», – деді Қазақстан президенті.
Тоқаевтың сөзіне қарағанда, 5 жыл ішінде еліміздің ЖІӨ-сі 181 миллиардтан 291 миллиард долларға артып отыр. Биылғы 8 айдың өзінде ел экономикасы 6,5 пайызға өскен.
«Еліміздің халықаралық резерві мен Ұлттық қордың активі 116 миллиард доллардан асты. Соның ішінде...