Үкіметтің 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасында білім мен ғылымға 902 млрд теңге бөлінетіні айтылған. Бұл 2025 жылғы қаражаттан әлдеқайда аз. «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы парламентте талқыланып жатыр.
2025 жылы Қазақстанда білім мен ғылым саласына 1 трлн теңге жұмсалғаны мәлім. Алайда биыл республикалық бюджет тапшылығы қатты сезіліп, үкімет осы салаға 2026 жыл үшін бөлінетін ақшаны бірден шамамен 100 млрд теңгеге азайтты.
Биыл 370 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа қабылданды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Елде жыл өткен сайын оқушы саны артып келеді, алайда білімге бөлінетін ақша азайып барады.
2025 жылы білім саласы...