«Өнер қырандарының» мүшелері – Жанболат Найзабеков пен Сырымбет Бибосынов желіні жарып жатқан онлайн-айтысқа қосылды. Әркімнің-ақ таласы бар өнерден әзілкештер де қалыс қалмауды жөн көргенге ұқсайды. Балғынбек пен Айнұрды «жекпе-жекке» шақырып қана қоймай, сахнадағы классикалық айтыстан алыстап кеткендерін де айтып, сөзбен түйреп өтті.
Әзілкештер кейінгі шыққан хиттердің мәнеріне салып арнау жолдады. Айнұр Тұрсынбаеваға: «Түркиядан кел, бетпе-бет тілдесейік», – деді. Одан соң өздерін айғырға теңей отырып, Балғынбек ақынды сақалды түйемен теңестіріп, Алматыға шақырды. Сонымен бірге әзіл-қалжыңы аралас арнауда өзекті мәселені де көтерді. «Домбырасыз айтыс болғанын, эстрадамен ән жазып алып, ақындық жоғалғанын қаламаймын» деп назын да айтып өтті. Артынша «контент жақсы өтіп...