Енді «ЦОН» мобильді қосымшасында қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады. Азаматтар қалаған сериясы мен нөмір комбинациясының қолжетімділігін тексеріп, мемлекеттік қызмет төлемін төлеу арқылы рәсімдей алады.
Өтініш беру бірнеше минутты алады: қолданушы қосымшада цифрлар мен әріптер комбинациясын енгізеді, ал жүйе оның мәртебесін автоматты түрде тексереді. Өңір автоматты түрде азаматтың тіркелген мекенжайына сәйкес анықталады. Нөмірлік белгі бос болған жағдайда өтінім беруші төлем жасап, дайын нөмірлік белгіні алу үшін ыңғайлы бөлімшені таңдай алады.
«Қызмет ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл таңдалған мемлекеттік нөмірдің бос немесе бос еместігін бірден тексеруге мүмкіндік беред...