Apple компаниясы ресми түрде сертификатталған, қайта жаңартылған iPhone 16, iPhone 16 Plus, iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max смартфондарының сатылымын бастады. Олардың басты артықшылығы бағасында, жаңа нұсқаларымен салыстырғанда 12–24 %-ға арзан.
Бұрын қолданыста болған iPhone-ның бұл сериясындағы модельдер Apple зауыттарында толық жөндеуден өтіп, ресми сертификатталған. Сол себепті компания олардың толықтай дұрыс жұмыс істейтініне кепілдік береді.
2024 жылғы флагмандық модельдер тұтынушылар үшін анағұрлым қолжетімді болады.
Қалпына келтірілген iPhone 16 Pro Max бастапқы 1199 доллардың (591 798 теңге) орнына 929 долларға (458 532 теңге) сатылып жатыр. Бұл сатып алушыға 270 доллар немесе шамамен 22 % үнемдеуге мүмкіндік береді.
iPhone...