Kursiv Media Muftyat.kz деректеріне сүйене отырып, Ақтау қаласы бойынша 2026 жылғы қасиетті Рамазан айындағы ауызашар мен сәресі уақыттарын назарларыңызға ұсынады.
Қасиетті Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпанда басталады. Ал Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді.
Ауызашарда оқылатын дұға
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».
Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».