Аягөз әскери гарнизонында 2018, 2024 және 2025 жылдары әскери қызметшілер қаза тапты. Ішінде бір сарбаздың менингиттен қайтыс болғаны айтылды. Бір жыл бұрын әскеридің өзіне қол салғаны хабарланды. Қорғаныс министрлігі журналистерді осындай жайттар тіркелген Аягөз гарнизонына шақырып, сарбаздардың қандай жағдайда тұратынын көрсетті.
Қазір 10181 әскери бөліміне шамамен 500-ге жуық сарбаз бар.
Әскери қалашықтағы техника өткен ғасырдың ортасынан бері жаңартылмаған, ғимараттар да КСРО кезінде салынған. Журналистер келетіндіктен танктерді бояп қойғаны байқалады.
Әскерге дайындық
Сарбаздар арасындағы қайғылы оқиғалардан кейін психологиялық дайындық күшейтілген. Әскерге шақыру кезеңінде «PSY-РИСК» жүйесі енгізілген. Жүйе 2025 жылдың көктемінде өзіне қол жұмсауға бейім 470-тен астам...