Шымкентте зорлық көрді деп хабарланған колледж оқушысының ісі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтады. Дегенмен бұған жәбірленуші тарап қарсы. Оқиға қалай болды, іс неге тоқтады?
Шымкент полициясы Түркістан қаласының тұрғыны, 16 жастағы қызға қатысты қылмыстық істің қысқарғанын мәлімдеді. Бұдан бұрын «Не молчи» қоры 2 жыл бұрын 16 жасар қызды Түркістан облысы Иқан ауылының 20 жастағы тұрғыны зорлап, артынан алып қашқанын хабарлаған еді. Бұл некеге қыздың ата-анасы қарсы болған.
«Ата-анасы қызын бірден іздеп ауылға барған. 70 жастағы әкесі шу шығарып, қызын алып кеткен. Ізінше полицияға арызданған. Тергеуші, прокурор және тергеу бөлімінің орынбасары әкесіне қыздың ерікті түрде келін...