Жаңа көлік алғаннан тізгінделген көлік алғанның тәуекелі жоғары. Бір көліктің сапасы 300 мың шақырымнан асса да сыр бермейді, ал екіншісі 80 мыңнан кейін-ақ жөндеуді қажет етеді. Сонда қай межені «қалыпты жүріс» деп есептеу керек?
Орташа жылдық көрсеткіш
Автонарықта қалыптасқан есеп бойынша жеңіл көлік орта есеппен жылына 15-20 мың шақырым жүреді. Осы көрсеткіш басты бағдар деуге болады. Мысалы, зауыттан шығарылғанына үш жыл болған көліктің қалыпты жүрісі шамамен 45-60 мың шақырым, бес жыл өткен көлікте ол 75-100 мың аралығында болуы тиіс. Ал он жыл пайдаланылған көліктің қалыпты жүрісі 150-200 мың шақырымды құрайды. Егер одометрдегі сан осыдан әлдеқайда аз болса...