АҚШ ФРЖ отырысы және нарық реакциясы
Нарықтың назарында екі басты оқиға болды. Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) отырыс қорытындысын «біршама қатал» (ястребиный) деп сипаттауға болады.
Мөлшерлеме: Реттеуші күткеніміздей базалық мөлшерлемені 3,75% деңгейінде өзгертпес қалдырды. Алайда экономиканың қарқынды өсімін, еңбек нарығының тұрақталуын және инфляцияның әлі де жоғары екенін атап өтті.
Джером Пауэлл: Баспасөз мәслихатында ФРЖ басшысы арандатушы сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Ол мамыр айындағы отставкадан кейін басқарушылар кеңесінде қалатыны немесе қалмайтыны туралы тіс жармады және өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іске түсініктеме бермеді.
Болжамдар: 10 жылдық мемлекеттік облигациялардың (treasuries) кірістілігі 4,23%-дан 4,27%-ға дейін өсті. Наурыз бен сәуір айларында мөлшерлеме төмендейді деген сенім азайды. Ендігі негізгі сценарий – жеңілдету тек маусым айында болуы...