2025 жылғы ең қуатты тропикалық циклон – Рагаса супертайфуны сәрсенбі, 24 қыркүйек күні Гонконгқа дауыл мен нөсер жауын алып келді. Ал Тайваньда табиғат апатынан қаза тапқандар саны артты. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, супертайфун салдарынан Тайваньда 14 адам қаза тапты. Тағы 124 адам із-түссіз жоғалды. Елдің құтқару қызметі сәрсенбі күні елдің шығысындағы Хуалянь өңірінде орналасқан су қоймасы арнасынан асып кеткенін хабарлады.
Гонконг билігі тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді. Азиядағы қаржы орталығының шығыс және оңтүстік жағалаулар бойындағы тұрғын үйлерді су басты. Қаланың халықаралық әуежайы орналасқан аудан да су астында қалды.
Супертайфун Қытайдың...