«Аграрлық несие корпорациясының» (АНК) басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков өз қызметі барасында мемлекетке үлкен көлемде залал келтіргені үшін 8 жылға сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Өкілеттіктерін теріс пайдаланған
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қызметіне прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі бірлесіп тексеріс жүргізген. Нәтижесінде корпорацияның лауазымды тұлғаларының өз өкілеттіктерін теріс пайдаланып, бюджетке айтырлықтай шығын келтіргенін анықтаған.
Атап айтқанда, АНК құрамына кіретін «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ «Шымкент қаласында екі алма бағын салу» жобасын жүзеге асыруы керек болған. Алайда алма бақтарын салу кезінде қор басшылығы лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдаланған. Бұдан кейін прокуратура Қылмыстық кодекстің 361 бабы...