Uzbekistan Airways әуе компаниясы америкалық Boeing компаниясымен 22 Boeing 787 Dreamliner ұшағын сатып алу жөнінде келісімге отырды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне тиесілі әлеуметтік желісіне жазды.
Келісім құны 8 млрд доллардан асты. Құрама Штаттар президентінің айтуынша, жаңа келісім АҚШ-та 35 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ақ үй басшысы осы мәселені Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен талқылаған.
«Президент Мирзиёев – сөзінде тұратын адам. Біз онымен басқа да көптеген сала бойынша жұмыс істей береміз», – дейді Трамп.
Әуе компаниясының мәліметінше, жаңа ұшақтарды 2031 жылдан бастап жеткізе бастайды. Соның арқасында компания маңызды бағыттар...