2025 жылы Алматы мемлекеттік бюджетке 6,6 трлн теңге салық төлеген. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты.
Кездесу барысында Сатыбалды қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуал, негізгі қала құрылысы және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндаған.
Әкімнің айтуынша, былтыр Алматыда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға өскен. Нәтижесінде қала мемлекеттік бюджетке 6,6 триллион теңге көлемінде салық пен міндетті төлемдер аударған.
Дархан Сатыбалды қаланы көпорталықты дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды. Бұл тұжырымдама аясында заманауи IT-инфрақұрылым, көпфункционалды іскерлік кешендер, сондай-ақ тұрғындардың демалуына арналған абаттандырылған рекреациялық аймақтар құру көзделген. Аталған кеңістіктер қала тұрғындары мен...