Нұркентте балаға жасалған зорлық-зомбылық бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тараған соң сот баланың анасын қамауға алу туралы санкция берді.
Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, қылмыстық іс «Азаптау» бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлаған.
Анасы қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін?
Ресми деректерге сәйкес, өз баласын ұрды деп айыпталған 28 жастағы әйелге қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі – «Азаптау» бойынша жүргізілуде. Бұл бапта 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Тергеу кезеңінде сот күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
«Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары, оны...