Бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне сот шешім шығарды. Зайсан аудандық соты Шілікті ауылының әкіміне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қарады.
Айта кететін жайт, бұл шенеунік түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде кең тарады.
Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, бейнежазбада ауыл тұрғындары әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақ қойғаны көрінеді. Әңгіме барысында тараптар арасында жанжал туады. Шенеунік өзін-өзі ұстай алмай, бейәдеп сөз айтқан.
Қалай болған еді?
Әлеуметтік желілерде ауыл әкімінің бейәдеп сөз қолданған видеосы тарады. Оқиға әкімнің жұмыс кабинетінде болған. Тұрғындар сұрақ қойған кезде әкім ашуын баса алмай, дөрекі сөйлеген.
7 қазан күні облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram-арнасы арқылы бұл...