«Қазгидромет» 2026 жылғы 26 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы қалыптасады.
Метеорологтардың хабарлауынша, оңтүстік циклон Қазақстанның барлық өңіріне қар мен боран алып келеді. Ал елдің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, тұман, ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болжанып отыр.
26 қаңтарға ауа райы
Еліміздің бірқатар өңірінде күн құбылмалы болып, бұлттанып, кей жерлерде қар жауып, боран соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с.
Астана
Күн бұлтты, кей уақыттарда қар жауып, боран соғады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа...