Мектеп пен балабақша тұрғын үймен бірге қатар салынуы керек. Әрбір тұрғын үй терезелерінде қауіпсіздік құлпы болуы тиіс. Бұл әлеуметтік маңызды нормалар, бірақ жаңа әзірленген Құрылыс кодексінде олардың бірі жоқ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов осындай сын айтты
Мектеп пен балабақша болмаса, тұрғын үй не керек?
Депутаттың сөзінше, былтыр мәжілісте мектеп пен балабақша тұрғын үймен бірге салынуы керек деген түзету қабылданған. Бірақ жаңа кодексте ол норма жоқ. Бұл кімге пайдалы деген сұрақ қояды Аймағамбетов.
«Өткен жылы осы жерде мектеп, балабақша және емханасыз көппәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға тыйым салатын норманы бекіттік. Бұл норма енді ғана...