FlyArystan әуекомпаниясы әуежайда тіркеуден өткен адамдардан ақы алмау туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы Салтанат Томпиева айтты, деп хабарлайды KursivMedia.
Кей қызметке ақы алмау ұсынылды
Томпиеваның айтуынша, FlyArystan компаниясына тариф саясатын қайта қарау туралы тапсырма берілді.
«Егде жастағы адамдар кей жағдайда телефонды қолданып, QR арқылы тіркеуден өте алмайды. Адам тіркеуден өтіп үлгермей қалса немесе онлайн тіркеуден өте алмайтын адамдарға көмектесуді тапсырдық. Мұндай көмек көрсеткен жағдайда ол үшін ақы алмау мүмкіндігін қарастыру тапсырылды», – дейді Kazahstan Travel forum-ға қатысқан комитет төрағасы.
Салтанат Томпиева қазақстандықтардың FlyArystan көрсететін қызмет сапасына...