Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сақтандырылмаған қазақстандықтар қандай скринингтерден тегін өте алатынын айтты.
Министрдің мәлімдеуінше, келесі жылы 1 қаңтардан бастап қан айналым жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, вирусты гепатиттерді ерте анықтауға арналған скринингтер нысаналы санаттағы барлық сақтандырылмаған адамға тегін болады.
Сондай-ақ Әлназарова созылмалы аурулары бар пациенттерге динамикалық бақылау жетілдірілгенін атап өтті. Бұдан бөлек бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің қабылдау уақыты ұлғайтылды, жоспарлы қабылдаулар енгізілді және мейірбике ісінің құзыреті кеңейтілген.
«МСАК жанынан жедел жәрдем кабинеттері ашылып, жедел медициналық жәрдемнің 4-санаты МСАК жұмыс уақытында көрсетілетін болды. Скринингтер (медициналық тексерулер) егде жастағы адамдар үшін (76 жасқа дейін) кеңейтіліп, , ол қосымша...