Маусым ауысқан сайын тренд те өзгеріп отырады. Тіпті былтыр күзде сән болған киімдер мен әшекейлер биыл ескіріп қалуы мүмкін. Минимализм мен саналы тұтыну ережелерін ұстанатындар гардеробын жаңартуға ұмтыла қоймас. Ал енді сәнқой бойжеткендер мен әйелдер трендтен алыстамауға тырысады. Олай болса, сән әлеміндегі тенденцияларға тоқтала отырып, 2025 жылғы күзгі образдар туралы топтама дайындадық. Оқырманға кішігірім спойлер болсын: тіпті минимализм ұстанатын болсаңыз да, трендтегі кей киімдер үйіңізден табылуы ғажап емес. Өйткені бұрынғы үлгілер уақыт өте жаңартылып, қайта сәнге айналып отырады.
Сырт киімдерді қалай таңдаймыз?
1. Пальто-халат пен классикалық тренч
Бұл сырт киімдерсіз күзді елестету мүмкін емес. Биылғы трендте халат сияқты пальто...