Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 11 шілдеде Астана қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Алматы қаласында да бүгін найзағай ойнайды. Ал Шымкентте 11-13 шілдеде өрт шығу қаупі жоғары.
Бұған қоса, министрлік Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті.
11-13, 16-20 шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С, облыстың оңтүстігінде +42°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары. 11-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары. 11-13, 17-22 шілдеде Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары. 11-13, 17-22 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін...