Сыбайлас жемқорлық – тек бір елдің емес, бүкіл әлемнің бас ауруына айналған жүйелік проблема. Ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, экономикаға тікелей соққы береді, ең бастысы – қоғамның билікке деген сенімін әлсіретеді. Қазақстан да бұл құбылыстан шет қалған емес.
Осы мәселенің нақты ауқымын түсіну үшін Kursiv.Media құқықтық статистика деректерін зерттеп көрді. Ашық дереккөздерге сүйене отырып, соңғы төрт жылдағы жемқорлық қылмыстарының динамикасын, олардың құрылымын және өңірлердегі ерекшеліктерін талдадық. Бұл сараптама ресми статистиканың артында тұрған нақты үрдістерді көрсетуге бағытталған.
Сандарға үңілсек, соңғы жылдары тіркелген қылмыстар саны азайып келе жатқанын көреміз. Бірақ бұл шынымен оң өзгеріс пе, әлде есеп жүргізудің өзгеруі ме? Жемқорлықтың азаюы...