Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімге адвокат Асланбек Даулетияров апелляциялық шағым берді. Бұл ақпаратты Informburo.kz сайтына қорғаушының өзі растады.
«Апелляциялық шағымда мен үкімді жоюды және (Қайрат пен Алашбаеваны – авт.) олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақтауды сұраймын», – деді адвокат.
Бұған дейін сот үкімімен Перизат Қaйрат 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ мемлекеттік марапат – «Шапағат» медалінен (қайырымдылық пен мейірімділік үшін берілетін) айырылды.
Сонымен қатар сот Перизат Қайрaт пен Ғайни Алашбаеваны 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Бұдан бөлек, әрқайсысы...