Мемлекеттік сатып алулар саласының сарапшысы Бибек Жүнісов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ол бюджеттен бөлінетін қаражат мұғалімдердің мектептегі керек-жарағына іс жүзінде жетпейтінін мәлімдеді.
Сарапшы бұл пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Президентке жүгінді.
«Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен білім саласына триллиондаған теңге бөлінеді. Соның шамамен 300 млрд теңгесі балабақшаларға, мектептер мен жоғары оқу орындарын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл қаражатқа кеңсе тауарлары, шаруашылық және спорттық жабдықтар, құрылыс материалдары және өзге де қажетті заттар сатып алынады. Алайда оның мардымсыз бөлігі ғана түпкілікті алушыларға жетеді. Көп жағдайда мұғалімдер барлық қажеттілікті өз қалтасынан, кейде ата-аналардың есебінен алуға мәжбүр. Бұл...