Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Жиын барысында елімізде болатын саяси өзгерістердің бір парасы айтылды. KursivMedia енгізілуі мүмкін өзгерістерге шолу жасады.
Жаңа парламент «Құрылтай» деп аталады
Бір палаталы парламент құру мәселесі бірнеше айдан бері айтылып келеді. Президент Тоқаев жиындардың көпшілігінде осы тақырыпқа ерекше тоқталып та жүр.
Осылайша бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталады.
«Еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек», – деді Тоқаев.
Құрылтайдағы мандат саны 145 болады. Парламент төрағасының үш орынбасары болуы мүмкін. Комитет саны 8-ден аспауы керек.
Қазір...