Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақыру алды, ал Қазақстанға осы кеңестің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылды. Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты.
Осыған дейін АҚШ Президенті Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құратынын жариялаған еді. Ол кеңеске құрылтайшы мемлекет ретінде қатысуға бірқатар елдің басшыларына шақыру жолданған. Аргентина, Мажарстан, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия шақырту алғандарын растап, оны қабылдағандарын да жария етті.
Дәл осындай шақырту Қазақстанға да жіберілген және Ақорда оны қабылдаған.
«Бірқатар елдің көшбасшыларының Президент Дональд Трамптан мұндай ресми шақыру алғаны туралы мәлімдемелерінен кейін бұл...