Қызылорда қаласында өткізілетін Ұлттық құрылтай алдында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бірпалаталы Парламентке қатысты өзінің ұсынысын білдірді.
Депутаттың айтуынша, партияда жоқ азаматтардың сайлану құқына қатысты мәселе өзекті. Бапи егер елде 8 миллионға жуық партияда жоқ сайлаушы азаматтар бар екенін ескерсек, бұл сұрақты жылы жауып қоюға болмайды деп есептейді.
«Мұндай жағдайда алда болатын парламенттік сайлаудың легитимдігіне азаматтық қоғам тарапынан оң баға берілмеуі әбден мүмкін. Билікке деген мұндай ерегес қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды! Бірден айтайын, мен өзім бір мандатты сайлау жүйесі бойынша сайланған депутат бола тұрсам да, Президент Тоқаевтың өткен күздегі Халыққа жолдауында айтылған партиялық сайлау...