Тоқаев еңбек және әлеуметтік министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлайды Ақордадан.
Әзірге оның қызметінен босату себебі хабарланған жоқ,
Экс-министр бұл қызметке 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалды. Оған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болды.
Еңбек жолын Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәні мұғалімі болған. Кейін «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аға маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеген.
...