15 қаңтарда Rustem Omarov YouTube-арнасында, қазақстандық танымал «Алаяқтар» сериалының екінші маусымы жарық көрді.
Қылмыскер Дамирдің шытырман оқиғаларына құрылған хикая бұл жолы Түркиядан басталады. Басты кейіпкер ТМД елдерінің тұрғындарына түрік жылжымайтын мүлкін сатуға қатысты ауқымды алаяқтық схеманы іске асырып, кейін елге оралады. Қазақстанға келген соң Дамир бұрынғы сенімді серіктерін қайта жинап, жаңа «жобаларға» кіріседі. Команда құрамында бірінші маусымнан көрерменге жақсы таныс кейіпкерлер де бар.
Екінші маусымда қазіргі уақытта шынайы қылмыскерлер қолданатын өзекті алаяқтық тәсілдерін көрсетіледі. Олардың қатарында цифрлық технологияларға, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалануға негізделген схемалар да қамтылған.
Жаңа маусымның режиссері ретінде бұрынғыдай Олжас Нұрбай жұмыс істеді. Жобаның авторлары...