PepsiCo компаниясың Алматы облысында салып жатқан ірі зауыты 2026 жылдың жазында ашылады. Жоба аясындағы инвестиция көлемі 360 млн долларға жетіп, 900 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның негізгі нысаны – тұзды тіскебасар тағамдар шығаратын зауыт. Шикізатпен қамтамасыз ету үшін жергілікті фермерлермен 15 келісім жасалған. Бұл шара аграрлық секторға да мультипликативті әсер тигізеді, өйткені өндіріс жергілікті өнімдерге сұранысты арттырады.
PepsiCo компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Марғұлан Оспановтың айтуынша:
«2025 жылы инвестиция көлемін $360 млн-ға дейін екі есеге арттыру туралы шешім қабылданды. Құрылыстың барлық кезеңдер...